Жаңалықтар

image description
icon

«ӨРКЕН» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты»

КеАҚ Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің мемлекеттік тапсырма бойынша «Орта білім беру ұйымдарында және психологиялық қолдау орталықтарында білім алушыларға психологиялық көмектің формалары мен әдістері» білім беру бағдарламасы бойынша орта білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған 80 сағаттық қысқа мерзімді біліктілікті арттыру курстарының 2026 жылдың 17 тамызы басталатынын хабарлайды.

Курстың мақсаты: Білім беру процесіне қатысушылардың психологиялық әл-ауқатын сақтау және нығайту мәселелері бойынша орта білім беру ұйымдары педагогтерінің және психологиялық қолдау орталықтары қызметкерлерінің кәсіби құзыреттерін дамыту.

            Курстың өткізілу мерзімі: 17-28 тамыз 2026 жыл

            Оқыту тілдері: мемлекеттік, орыс.

            Оқыту формасы: күндізгі.

            Мақсаттық аудиториясы: орта білім беру ұйымдарының педагогтері.

            Курс соңында тыңдаушыларға сертификат беріледі.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап