Жаңалықтар

image description
image description
icon

БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ПРАКТИК-МАМАНДАРДЫ ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ ЖАЛҒАСУДА

Балалардың құқықтарын қорғау және әл-ауқатын арттыру саласында қызмет ететін практик-мамандарды оқыту жалғасып жатыр. Оқу 17–19 тамыз аралығында өтеді.

Оқыту бағдарламасы балаларды қорғау жүйесіндегі мамандардың арасында әрбір жағдайды жеке басқару қағидаттары туралы бірыңғай түсінікті қалыптастыруға, сондай-ақ баланың мүддесі үшін ең оңтайлы шешімдер қабылдауға қажетті практикалық құзыреттерді дамытуға бағытталған.

Оқу аясында қатысушылар жағдайды басқарудың негізгі кезеңдерін, бала мен отбасының қажеттіліктері мен ахуалын бағалау тәсілдерін, сондай-ақ балалар мен отбасыларға көмек көрсетуге қатысатын мамандар мен ұйымдардың өзара іс-қимыл мәселелерін қарастырады.

Әсіресе алынған білімді іс жүзінде қолдануға, яғни баланың қажеттіліктерін анықтаудан бастап, тиісті қолдау шараларын жоспарлау мен үйлестіруге дейінгі процестерге айрықша назар аударылады.

Бағдарламаның басты міндеті – өмірдің қиын кезеңіне тап болған әрбір баланың уақытылы, сапалы, кешенді әрі жүйелі көмек алуына ықпал ету.

Оқыту бағдарламасы балаларды қорғау жүйесін жетілдіру және балалармен, отбасылармен тікелей жұмыс істейтін мамандардың кәсіби әлеуетін арттыру бойынша жүргізіліп жатқан тұрақты әрі жүйелі жұмыстардың аясында өткізіліп отыр.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап