2026 жылғы 25 тамызда «ӨРКЕН» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық-ғылыми практикалық институты»
коммерциялық емес акционерлік қоғамында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мәселелері бойынша Қоғам қызметкерлеріне түсіндіру кеңесі өткізілді.
Кеңес барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-офицер сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша Әдістемелік ұсынымдардың негізгі ережелерін, сондай-ақ ішкі талдау жүргізудің тәртібі мен негізгі кезеңдерін түсіндірді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтаудағы, жұмыс процестерін жетілдіру бойынша объективті ақпарат пен ұсыныстар берудегі қызметкерлердің рөліне, сондай-ақ қызметкерлердің осы іс-шараға ашық және адал қатысуының маңыздылығына ерекше назар аударылды.
Кеңес өткізу сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қызметкерлердің хабардарлық деңгейін арттыруға, парасаттылық мәдениетін қалыптастыруға және Қоғам қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тиімді анықтау мен алдын алуды қамтамасыз етуге бағытталған.