«ӨРКЕН» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық-ғылыми практикалық институты» КЕ АҚ Сенім жәшігі туралы ережені бекітті.
Кері байланыс арналарының ашықтығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Қоғам ғимаратында қызметкерлердің және өзге де мүдделі тұлғалардың өтініштерін, ұсыныстары мен хабарламаларын қабылдауға арналған сенім жәшігі орнатылған.
Қоғам қызметкерлері арасында енім жәшігінің жұмыс істеуі, өтініштерді беру және оларды қарау тәртібі мәселелері бойынша жалпыға бірдей оқыту (түсіндіру жұмысы) жүргізілді. Қызметкерлер Сенім жәшігі туралы бекітілген ережемен танысты.
Түсіндіру жұмыстарын жүргізу және сенім жәшігін орнату парасаттылық, ашықтық қағидаттарын нығайтуға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың ішкі жүйесінің тиімділігін арттыруға және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін уақтылы анықтау және алдын алу үшін қосымша мүмкіндіктер жасауға бағытталған.
Қоғам қызметкерлерді және өзге де мүдделі тұлғаларды ықтимал бұзушылықтар туралы өтініштер, ұсыныстар мен хабарламалар жіберу үшін сенім жәшігін пайдалануға шақырады. Барлық келіп түскен өтініштер құпиялылық талаптарын сақтай отырып, белгіленген тәртіппен қаралады.