ҚАУІПСІЗ БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫ: БАЛАЛАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫ ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚОЛДАУ
Тамыз конференциясы аясында «Қауіпсіз білім беру ортасы: балалардың әл-ауқаты және психологиялық қолдау» тақырыбында секциялық отырыс өтті.
Секция отырысына 100-ден астам балаларды қорғау жүйесінің мамандары қатысты. Олардың қатарында ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті мен «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институтының өкілдерін, балалардың құқықтарын қорғау басқармалары мен психологиялық қолдау орталықтарының басшыларын, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялардың хатшыларын, сондай-ақ жетекші педагог-психологтар болды.
Кездесудің негізгі мақсаты – тиімді тәжірибелермен алмасуға, мамандардың кәсіби құзыреттерін жетілдіруге, қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету, психологиялық сүйемелдеу және балалардың әл-ауқатын қолдау бойынша бірыңғай тәсілдерді қалыптастыруға арналған кәсіби алаң құру.
Жұмыс барысында қатысушылар тәуекел тобындағы балаларды ерте анықтаудың, білікті психологиялық көмек көрсетуді ұйымдастырудың және тиімді ведомствоаралық сүйемелдеуді жолға қоюдың негізгі аспектілерін егжей-тегжейлі талқылады.
Практикалық бөлім аясында мамандар нақты кейстерді талдап, дағдарыстық жағдайларда жедел әрекет етудің, кәмелетке толмағандарға уақтылы қолдау көрсетуге және оларды қорғауға бағытталған бірыңғай алгоритмдерін қарастырды.
Секциялық жұмыс соңында қатысушылар интерактивті шағын сабақтар мен тренингтерге қатысып, кәсіби қызметте одан әрі қолдануға болатын заманауи практикалық құралдар мен әдістемелік ұсынымдарға ие болды.