Жаңалықтар

image description
icon

Қазақстанның 20 өңірінің мамандары MENTAL HEALTH жүйесімен жұмыс істеу бойынша оқудан өтуде

7–11 қыркүйек аралығында еліміздің барлық өңірінде білім беру жүйесі мен жергілікті атқарушы органдар мамандарына республикалық Mental Health платформасымен жұмыс істеу бойынша оқыту жүргізілуде.

Бұл – «Қазақстан балалары» тұжырымдамасын іске асыру аясында Ұлттық білім беру деректер базасына мектептегі әл-ауқат модулі ретінде енгізіліп жатқан бірыңғай платформа.

Оқытуға психологиялық қолдау көрсету орталықтарының мамандары, білім беру ұйымдарының директорлары мен тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасарлары, Отбасын қолдау орталықтары, әкімдердің орынбасарлары, өңірлік бала құқықтары жөніндегі уәкілдер, балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдер, әлеуметтік педагогтер, педагог-психологтер және сынып жетекшілері қатысуда.

Платформа балаға қолдау көрсетуге қатысатын барлық мамандарды бірыңғай цифрлық кеңістікке біріктіреді. Бұл мәселені уақытылы анықтаудан бастап, қажетті шараларды қабылдау және нәтижені бақылауға дейінгі үздіксіз қолдау жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар платформа мамандар арасында ақпаратпен жедел алмасуды қамтамасыз етеді, жұмыстың динамикасы мен нәтижелерін бақылауға мүмкіндік береді, олардың өзара іс-қимылын жеңілдетіп, құжаттарды рәсімдеуге кететін уақытты қысқартады.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап