«MENTAL HEALTH»: ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚОЛДАУДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ЖҮЙЕСІ
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті 2026-2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» тұжырымдамасын іске асыру аясында балалардың психологиялық саулығын нығайтуға және құқықтарын қорғауға бағытталған жүйелі жұмыстар жүргізуде.
«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының ұйымдастыруымен ZOOM платформасы арқылы Алға, Әйтеке би, Байғанин, Қарғалы, Қобда және Мәртөк аудандарының әдіскерлері, орта білім беру ұйымдарының педагог-психологтері мен әлеуметтік педагогтеріне «Mental Health» ҰБДҚ бірыңғай жүйесімен жұмыс істеу тәртібі бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Орталық директоры Меруерт Жұбандықова «Mental Health» ҰБДҚ бірыңғай жүйесінің мақсаты мен міндеттеріне тоқталып, жүйенің балаларға көрсетілетін психологиялық қолдауды тиімді ұйымдастырудағы маңызын атап өтті.
Орталық мамандары жүйеде жұмыс жүргізу тәртібін, қажетті ақпараттарды енгізу және пайдалану ерекшеліктерін түсіндіріп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.