Жаңалықтар

image description
icon

ҚАУІПСІЗ МЕКТЕП: ӨЗАРА ТҮСІНІСТІК ПЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Ақтөбе облысының Темір ауданы Қопа орта мектебінің әкімшілігімен «Қауіпсіз мектеп — психологиялық қолайлы орта» тақырыбында кездесу ұйымдастырылып, мектеп әкімшілігіне осы бағытта әдістемелік көмек көрсетілді.

Іс-шараға «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының әдіскері Айсұлу Жахина және психолог Айдана Алданова қатысып, мектепте қауіпсіз әрі психологиялық қолайлы орта қалыптастыру, ата-ана, оқушы және мектеп арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастықты нығайту мәселелері бойынша әдістемелік бағыт-бағдар берді.

 Кездесу барысында өзара тәжірибе алмасып, өзекті мәселелер талқыланды. Сондай-ақ мектептегі психологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жетілдіру бойынша ұсыныстар берілді.


Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап