Жаңалықтар

image description
icon

ОТБАСЫ ҚОЛДАУСЫЗ ҚАЛМАЙДЫ

Отбасы күніне орай Ақтөбе қаласындағы Отбасын қолдау орталығында «Отбасында қиындық туындаса, қайда жүгінуге болады?» тақырыбында Ашық есік күні өтті.

Іс-шараның мақсаты — отбасыларға түрлі қиындықтарды еңсеру барысында жан-жақты қолдау көрсетіп, қажетті мамандардың көмегіне жүгіну жолдарын түсіндіру, сондай-ақ отбасының әл-ауқатын арттыруға бағытталған ақпарат беру.

Шараға «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының әдіскері Айдана Мырзаханова қатысып, отбасыларға психологиялық кеңес берді. 

Мұндай кездесулер отбасылардың өз мәселелерін шешуге қажетті қолдауды дер кезінде алуына және мамандар көмегіне жүгіну жолдарын білуіне мүмкіндік береді.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап