Жаңалықтар

image description
icon

ПСИХОДИАГНОСТИКА: ЖАҢА ӘДІСТЕР

Ақтөбе қаласы А.Байтұрсынұлы атындағы №24 лингвистикалық мектеп-гимназиясында педагог-психологтарға арналған «Психодиагностика: заманауи әдістер мен құралдар» тақырыбында семинар-практикум өтті.

Шара барысында «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығы директорының орынбасары Лаура Бердібекова орталық қызметімен таныстырды. Сонымен қатар «Педагогикалық назар аударуды қажет ететін білім алушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу» тақырыбында білім алушыларды қолдаудың тиімді бағыттарын ұсынды.

Сондай-ақ «Білім беру ортасында балалардың әл-ауқатын қамтамасыз етудің тұтас жүйесін қалыптастыру» тақырыбы талқыланып, білім беру кеңістігіндегі психологиялық қолдаудың маңыздылығына назар аударылды.

Лаура Бердібекова «Әлем сенімен құнды», «Өзіңді бағалау», «Менің құндылықтарым» тақырыптарында әдіс-тәсілдер ұсынып, кәсіби тәжірибесімен бөлісті.

Орталық психологі Марина Мырзағали «Жылы жүрек — мейірімді тілек» жаттығуын өткізіп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй мен жағымды эмоция сыйлады.

Орталық психологі Таңшолпан Жаңаберген «Балалармен түзету-дамыту жұмыстарын ұйымдастыру» тақырыбында практикалық бағыттағы ақпарат ұсынып, тиімді жұмыс түрлерімен таныстырды.

Мамандар белсенді қатысып, өз ойлары мен пікірлерін ортаға салды. Тәжірибе алмасып, өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.

Семинар-практикум соңында қатысушылардың белсенділігі мен өзара ықпалдастығын арттыруға бағытталған тренинг ұйымдастырылды. Мамандар пікір алмасты, кәсіби тәжірибелерімен бөлісіп, семинардан алған әсерлерін ортаға салды.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап