БАЛАҒА — ЖЕКЕ КӨЗҚАРАС
Ақтөбе қаласы «Сымбат» дарынды балаларға арналған мектеп-интернатында ата-аналарға арналған «Әр балаға жеке көзқарас: ата-ананың тәрбиедегі рөлі» тақырыбында диалогтік алаң өтті.
Іс-шараға «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының әдіскері Айдана Мырзаханова және психолог Дана Таңжарбаева қатысып, ата-аналармен бала тәрбиесіне қатысты маңызды мәселелер бойынша пікір алмасты.
Кездесу барысында баланың эмоционалдық жағдайын түсіну, оның ішкі жан дүниесіндегі өзгерістерді дер кезінде байқау, қиын кезеңдерде дұрыс қолдау көрсету және бала мен ата-ана арасындағы сенімді қарым-қатынасты қалыптастыру мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар қатысушыларға психологиялық тренинг өткізіліп, ата-аналар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ой-пікірлерімен бөлісті.
Диалогтік алаң еркін пікір алмасу форматында өтіп, ата-аналарға бала тәрбиесінде тиімді қарым-қатынас орнату бойынша пайдалы ұсынымдар берілді.