ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ — СЕНІМДІ БАСТАУ
Ақтөбе облысы Темір ауданы Қопа орта мектебінің оқушыларына жаңа оқу жылын жағымды көңіл-күймен, сеніммен бастауға бағытталған «Жаңа оқу жылы: сенімді бастау» тақырыбында тренинг өткізілді.
Тренингке «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының әдіскері Айсұлу Жахина және психолог Айдана Алданова қатысып, білім алушыларға психологиялық қолдау көрсетті.
Іс-шара барысында оқушылардың жаңа оқу жылына деген жағымды көзқарасын қалыптастыру, өз күшіне деген сенімін арттыру, көңіл-күйін көтеру және ұжымдық қарым-қатынасты нығайту мақсатында түрлі психологиялық жаттығулар мен қызықты ойындар ұйымдастырылды.
Қатысушылар белсенділік танытып, өз ойларымен бөлісті. Жаттығулар барысында өз мүмкіндіктеріне сенудің, алға мақсат қоюдың және жағымды көңіл- күйдің маңыздылығына назар аударылды.
Тренинг жылы әрі жағымды атмосферада өтіп, білім алушыларға жаңа оқу жылын көтеріңкі көңіл-күймен бастауға жақсы мүмкіндік сыйлады.