Жаңалықтар

image description
icon

БАЛАНЫ ҚОЛДАУ — ОТБАСЫНАН БАСТАЛАДЫ

Отбасы күніне орай Ақтөбе қаласы М.Мақатаев атындағы №73 орта мектебінде «Ерекше қажеттіліктері бар балалардың ата-аналарын педагогикалық-психологиялық сүйемелдеу әдістері» тақырыбында ата-аналарға арналған психологиялық диалогтік алаң өтті.

«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының директоры Меруерт Жұбандықова «Баланы қабылдау — өзімді қабылдаудан басталады» тақырыбында ой қозғап, ата-ананың баласын қабылдауы мен өзінің ішкі эмоционалдық жағдайының маңыздылығына тоқталды.

Орталық психологы Дана Таңжарбаева «Менің баламның күші» тақырыбында психологиялық жаттығу өткізіп, ата-аналарға баланың бойындағы жағымды қасиеттері мен мүмкіндіктерін байқауға бағытталған тапсырмалар ұсынды.

Орталық директорының орынбасары Медеухан Жасжанова «Ата-ананың эмоционалдық ресурсы» тақырыбында практикалық жаттығу өткізіп, ата-ананың өз эмоционалдық жағдайын түсінуі және ішкі ресурсын сақтауының маңыздылығын атап өтті.

Орталықтың бөлім меңгерушісі Ментай Телағысова «Балаға қолдау көрсетудің тиімді тәсілдері» тақырыбында пайдалы техникалармен бөлісіп, күнделікті қарым-қатынаста қолдануға болатын тиімді әдістерді таныстырды.

Диалогтік алаң барысында ата-аналар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, пікірлерімен бөлісті. Кездесу соңында қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап