Жаңалықтар

image description
icon

ЖЕКЕ ШЕКАРА — ӨЗАРА СЫЙЛАСТЫҚ НЕГІЗІ

Ақтөбе қаласы №9 орта мектеп-гимназиясының 5-9-сынып оқушылары арасында психоэмоционалдық жағдайды жақсарту, өзара қарым-қатынасты нығайту және сыныпта қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру мақсатында тренинг өтті.

Іс-шараға «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының психологы Нұргүл Қалданова және әдіскер Айдана Мырзаханова қатысып, оқушыларға психологиялық қолдау көрсетті.

Тренингте оқушылардың өз эмоцияларын танып, жағымды көңіл-күй қалыптастыруына, бір-бірін тыңдауына, өзара түсіністік пен сыйластықты арттыруына бағытталған «Өз шекараңды құрметте, өзгенің шекарасын сыйла!» және «Жағымды эмоциялар әлемінде» жаттығулары жүргізілді.

Жаттығулар барысында оқушылар жеке шекараның маңыздылығын түсініп, өз сезімдері мен эмоцияларын дұрыс жеткізуге, өзгелердің пікірін құрметтеуге және жағымды қарым-қатынас орнатуға дағдыланды.

Оқушылар тренингке белсенді қатысып, өз ойларымен бөлісті және психологиялық жаттығуларды қызығушылықпен орындады.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап