ҚАУІПСІЗ БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫ
«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының ұйымдастыруымен ZOOM платформасында Ақтөбе қаласындағы жекеменшік білім беру ұйымдарының педагог-психологтарына «Қауіпсіз білім беру ортасы: балалардың әл-ауқаты және психологиялық қолдау» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Орталық директоры Меруерт Жұбандықова білім беру ұйымдарында құқықтық-нормативтік құжаттарды жүргізу тәртібіне тоқталып, психологиялық қызметтің жүйелі әрі сапалы ұйымдастырылуының маңыздылығын атап өтті.
Сонымен қатар педагог-психолог, әлеуметтік педагог және топ жетекшілерінің өзара бірлескен жұмысы білім алушыларға көрсетілетін психологиялық-педагогикалық қолдаудың тиімділігін арттыратынына назар аударды.
Кездесу барысында білім алушылардың психологиялық әл-ауқатын қамтамасыз ету, қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру, диагностикалық жұмыстарды ұйымдастыру және психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу бағыттары бойынша маңызды ақпараттар берілді.
Іс-шара соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандармен пікір алмасты.