РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ЖЕКЕ ҚАУІПСІЗДІК» СЕМИНАРЫ ӨТТІ
«Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институтының ұйымдастыруымен ZOOM платформасында 2026-2027 оқу жылында білім беру ұйымдарына «Жеке қауіпсіздік» курсын енгізу бойынша түсіндіру семинары өтті.
Мақсат — «Жеке қауіпсіздік» курсының құрылымы, оқу жоспары және сабақтарды өткізу ерекшеліктері бойынша бірыңғай түсінік қалыптастыру, сондай-ақ педагог-психологтарға әдістемелік қолдау көрсету.
Шараға «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының директоры Меруерт Жұбандықова, Ақтөбе облысының білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметке жауапты әдіскерлер мен педагог-психологтар қатысты.
Семинар барысында курстың мазмұны, оқу процесіне енгізу тәртібі және сабақтарды тиімді ұйымдастырудың негізгі бағыттары бойынша ақпарат беріліп, мамандардың сұрақтарына жауап берілді.
Кездесу соңында мамандар пікірлерін білдірді.