Жаңалықтар

image description
icon

СЕНІМДІ БАСТАУ — ЖАРҚЫН ҚАДАМ

Ақтөбе облысы Ембі қаласының мектеп жанындағы интернаты бар №7 орта мектебінің оқушыларына арналған «Жаңа оқу жылы: сенімді бастау» тақырыбында психологиялық тренинг өтті.

Іс-шара барысында «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының әдіскері Назерке Өтеп білім алушылармен психологиялық жаттығулар жүргізді. Қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, жағымды эмоциялар мен өзара қолдаудың маңыздылығын түсінді.

Тренинг аясында жылы әрі сенімді психологиялық орта қалыптасып, білім алушылардың өзара қарым-қатынасын нығайтуға мүмкіндік берді.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап