Жаңалықтар

image description
icon

СЫНЫП ЖЕТЕКШІЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР

«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығында сынып жетекшілеріне арналған «Жыныстық қолсұғылмаушылық: шекара, келісім, қауіпсіздік сигналдары» тақырыбында семинар өтті.

Оған орталық директоры Меруерт Жұбандықова, директордың орынбасары Лаура Бердібекова, сондай-ақ орталық психологтары Гүлнұр Советова, Роза Кушкинбаева және Елена Дамрина қатысты.

Семинар барысында қатысушылар жеке шекара, келісім және қауіпсіздік сигналдары мәселелерін талқылап, практикалық тапсырмалар орындады және тәжірибелерімен бөлісті.

Іс-шара соңында қатысушылар балалардың жеке шекарасы мен қауіпсіздігін сақтауға бағытталған тиімді тәсілдерді талқылап, сынып жетекшілерінің алдын алу жұмыстарындағы жауапкершілігі мен кәсіби дағдыларын арттырудың маңызын атап өтті.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап