Жаңалықтар

image description
icon

⚡️Қазақстанда «Адал азамат» бағдарламасы аясында ата-аналар жиналыстары өтуде

2026 жылғы қыркүйек айының соңына дейін еліміздің барлық мектептерінде ата-аналар жиналыстары ұйымдастырылуда.

🇰🇿Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айқындаған «Заң мен тәртіп», «Таза Қазақстан» және «Адал еңбек» қағидаттары «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында білім беру ұйымдарында жүйелі түрде ілгерілетілуде. Ата-аналар жиналыстарында да осы құндылықтарға ерекше мән берілуде.

📌Жиналыстардың негізгі мақсаты - ата-аналарды 2026-2027 оқу жылының ерекшеліктерімен таныстыру, Жаңа Конституцияның құндылықтарын ілгерілету, сондай-ақ отбасы, мектеп және қоғам арасындағы тиімді серіктестікті нығайту.

👨‍👩‍👧‍👦Сонымен қатар ата-аналардың бала тәрбиесіне қатысты азаматтық жауапкершілігін арттыруға, олардың баланың тәрбиесі мен білім алуына белсенді қатысуына және әрбір баланың қауіпсіз әрі қолайлы ортада дамуына жағдай жасауға басымдық берілуде.

🤝Жиналыстарға полиция, денсаулық сақтау, төтенше жағдайлар, ішкі саясат және қаржылық қауіпсіздік салаларының өкілдері қатысуда. Кездесулер барысында балалардың қауіпсіздігі, цифрлық ортадағы мінез-құлық, психологиялық әл-ауқат, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және түрлі қауіп-қатерлердің алдын алу мәселелері бойынша ата-аналарға түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

💬Ата-аналар жиналыстары бала тәрбиесіндегі ортақ жауапкершілікті күшейтуге, отбасы, мектеп және қоғам арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға, сондай-ақ «Адал азамат» бағдарламасының құндылықтарын білім беру ұйымдарында кеңінен ілгерілетуге бағытталған.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап