ЭМОЦИЯЛЫҚ ИНТЕЛЛЕКТ
«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығында сынып жетекшілеріне арналған «Оқушылардың эмоциялық интеллектісін дамыту әдістері» тақырыбында семинар өтті.
Оған орталық директоры Меруерт Жұбандықова, директордың орынбасары Медеухан Жасжанова, бөлім меңгерушісі Ментай Телағысова, әдіскер Ботагөз Космағамбетова және психолог Дана Таңжарбаева қатысты.
Қатысушылар оқушылардың эмоцияларын тану, сезімдерін түсіну және басқару, эмпатия қалыптастыру, тиімді қарым-қатынас орнату және эмоционалдық қолдау көрсету әдістерімен танысты.
Сонымен қатар педагогтің эмоционалдық ресурсын сақтау, психологиялық шекарасын қорғау және кәсіби шаршаудың алдын алу мәселелері талқыланды.
Практикалық бөлімде қатысушыларға эмоциялық шиеленісті төмендетуге бағытталған тренингтер, тыныс алу және босаңсыту жаттығулары ұсынылып, оларды күнделікті педагогикалық жұмыста қолдану жолдары көрсетілді.