МАҚСАТ — НАШАҚОРЛЫҚ ПЕН ЛУДОМАНИЯНЫҢ АЛДЫН АЛУ
Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданының білім беру ұйымдарында, колледждерде және ауыл жастары арасында нашақорлық пен лудоманияның алдын алуға бағытталған кешенді профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылды.
Іс-шаралар барысында психологиялық тұрақтылықты қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау, зиянды әдеттердің алдын алу, жасөспірімдермен түсіндіру және профилактикалық жұмыстар жүргізу, ата-аналар мен педагогтердің психологиялық сауаттылығын арттыру, жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мәселелері қамтылды.
Профилактикалық жұмыстар жастардың қауіпсіз ортада қалыптасуына, жауапты шешім қабылдау дағдыларын дамытуға және тәуелді мінез-құлықтың алдын алуға бағытталды.
Поделиться: