БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ — БАСТЫ НАЗАРДА
«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығында «Жылы жүздесу» айдары аясында «Бала қауіпсіздігі — басты назарда» тақырыбында тікелей эфир өтті.
Эфирге орталық директоры Меруерт Жұбандықова, директор орынбасарлары Лаура Бердібекова және Медеухан Жасжанова қатысты.
Эфир барысында бала қауіпсіздігі, қауіп-қатердің алдын алу және ерте анықтау, ата-ана мен педагогтің жауапкершілігі, баламен сенімді қарым-қатынас және психологиялық қолдау көрсету мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ бала қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі отбасы, білім беру ұйымы және мамандардың бірлескен жұмысының маңызы айтылды.
Поделиться: