МИНИСТРДІҢ АЛҒЫС ХАТЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ
Ұстаздардың кәсіби төл мерекесіне орай Ақтөбе қаласындағы Өнер орталығында салтанатты шара өтті. Оған педагогтер, сала ардагерлері және білім беру ұйымдарының басшылары қатысты.
Мерекелік кеште «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығы директорының орынбасары Медеухан Жасжанова білім саласын дамыту жолында қол жеткен табыстары және оған қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың Алғыс хатымен марапатталды. Марапатты облыс әкімі Асхат Шахаров табыстады.
Әріптесіміз Медеухан Тобышқызын марапатымен құттықтаймыз! Еңбегіңіз еленіп, кәсіби қызмет жолыңызда толағай табыстар тілейміз!
Поделиться: