Жаңалықтар

image description
image description
image description
image description
image description
icon

БАЛАЛАР ӨКІЛДЕРІМЕН ОНЛАЙН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Ақтөбе облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы және «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығы облыстағы балалар өкілдерінің қатысуымен онлайн форматта кездесу ұйымдастырды.

 Іс-шара барысында балалар өкілдерінің қызметін ұйымдастыру тәртібі мен жұмыс бағыттарын айқындайтын нормативтік құжаттар таныстырылып, олардың негізгі мақсаттары, міндеттері мен өкілеттіктері жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар балалар өкілдерінің өз міндеттерін тиімді орындаудағы жауапкершілігі мен белсенді азаматтық ұстанымының маңыздылығы атап өтілді.

Сондай-ақ өңірдегі балалар өкілдері өздерін таныстырып, атқарып жатқан жұмыстары мен қолға алған бастамалары туралы айтты. Олар балалардың құқықтарын қорғау, оқушылардың ұсыныстары мен мәселелерін жеткізу, мектеп ортасында қолайлы ахуал қалыптастыру және құрдастарының белсенділігін арттыру бағытындағы жобаларымен бөлісті.      Онлайн кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тәжірибелерімен бөлісті. Әр өңірдегі балалар өкілдерінің бастамалары мен жұмыс тәсілдері талқыланып, алдағы уақытта бірлескен жобалар мен өзара тәжірибе алмасуды жалғастырудың маңыздылығы айтылды.

Аталған кездесу балалардың өз құқықтары мен мүдделерін қорғау ісіне белсенді қатысуына мүмкіндік беріп, балалар өкілдері арасындағы өзара байланыс пен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған маңызды алаң болды.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап