Жаңалықтар

image description
icon

«ПСИХОЛОГ КЕҢЕСІ» АЙДАРЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ КЕЗЕҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: ӘДІСКЕРЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

Ата-аналар мен білім алушылардың психологиялық-педагогикалық сауаттылығын арттыру және аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу мақсатында өткен оқу жылында Ақтөбе облысы аудандары және Ақтөбе қаласындағы білім беру ұйымдарының Instagram парақшаларында «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының бастамасымен «Психолог кеңесі» айдары аясында психологиялық тақырыптар бойынша тікелей эфирлер ұйымдастырылған болатын. Сонымен қатар аудандық газеттерде мақалалар жарияланды.

«Психолог кеңесі» айдарының алғашқы кезеңінің қорытындысына арналған Zoom платформасындағы жиынға аудан және қала әдіскерлері қатысты.

Жиында орталық директоры Меруерт Жұбандықова әдіскерлердің осы бағытта атқарған жұмыстарына оң баға беріп, белсенділік танытқан мамандарды Алғыс хаттармен марапаттады.

Айта кетсек, өткен оқу жылында «Психолог кеңесі» айдары аясында аудандардағы білім беру ұйымдары бойынша 256 тікелей эфир, 15 подкаст өткізіліп, 152 мақала жарияланды. Сондай-ақ Ақтөбе қаласындағы мектептер бойынша 16 эфир өтті.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап