Жаңалықтар

image description
icon

ТӘЛІМГЕР ЖАНЫҢДА: ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА ЖАСӨСПІРІМДЕРГЕ ДҰРЫС ТАҢДАУ ЖАСАУҒА КӨМЕК КӨРСЕТІЛУДЕ

Қостанай облысында «Заң және тәртіп» бағдарламасы аясындағы «Тәлімгерлік институты» республикалық пилоттық жобасы Полиция департаменті мен білім басқармасының бірлесуімен жүзеге асырылуда.

Жобада тәлімгерлердің рөлі ерекше. Олар ішкі істер органдарының ардагерлері, өмірлік және кәсіби тәжірибесі мол азаматтар. Жасөспірімдермен жұмыс бастамас бұрын олар Қостанай облысы білім басқармасының Өңірлік психологиялық қолдау және тәрбие жұмысы орталығында арнайы даярлықтан өтті.

«Осындай маңызды жобаның сәтті жүзеге асып жатқанына өте қуаныштымын. Мен тәлімгерлік қызметке дайындалып жүрген мамандарға өзім де сабақ өткіздім, қазір олардың белсенді жұмысын бақылап жүрмін. Олар білім беру ұйымдарына барып, жасөспірімдермен кездеседі, өмірлік жолы туралы әңгімелейді, кеңес береді. Олар жасөспірімдерге сырт адам ретінде емес, тағдырына бейжай қарамайтын жақын жан ретінде қолдау көрсетеді. Бұл жасөспірімдерге кейде өз отбасында жетіспей жататын шынайы қарым-қатынас пен ашық әңгімеге мүмкіндік береді» - дейді,  Өңірлік психологиялық қолдау және тәрбие жұмысы орталығының директоры Елена Петренко.

Тәлімгердің жұмысы ең алдымен сенімге негізделген қарым-қатынас пен жеке байланысқа құрылады. Сонымен бірге тәлімгер ата-ананың, педагогтің немесе мамандардың орнын алмастырмайды. Оның міндеті, жасөспірім қажет болған жағдайда ақыл-кеңес пен қолдау сұрай алатын қосымша ересек адам болу.

Мұндай тәсіл мәселенің күрделі жағдайға ұласуын күтпей, алдын ала әрекет етуге мүмкіндік береді. Яғни жасөспірімге дер кезінде қолдау көрсетіп, өз шешімдері үшін жауапкершілікті түсінуге және қауіпсіз жолды таңдауға көмектесу көзделеді.

Жобаның негізгі мақсаты да осы.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап