Жаңалықтар

image description
icon

ДАҒДАРЫС ЖАҒДАЙЫНАН ШЫҒУ АЛГОРИТМІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Ақтөбе қаласындағы №30 орта мектебінің педагогтеріне арналған «Білім алушылар арасында дағдарыс жағдайынан шығу алгоритмі» тақырыбында кездесу өтті. Іс-шараны «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының бөлім меңгерушісі Гүлнұр Советова жүргізді. Кездесу барысында дағдарыстық жағдай кезінде дұрыс әрекет ету алгоритмі таныстырылды.

Сонымен қатар педагогтерге отбасылық қарым-қатынастарды, эмоционалдық байланыстарды және отбасы мүшелерінің өзара рөлдерін түсінуге бағытталған «Тірі үй» проективті-арт-терапиялық техникасы жүргізілді.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап