БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ МЕКТЕП ПЕН АТА-АНАНЫҢ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ
Ақтөбе қаласындағы №30 орта мектебінің ата-аналарына «Бала тәрбиесіндегі мектеп пен ата-ананың ынтымақтастығы» тақырыбында дәріс-тренинг өтті. Іс-шараға «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының әдіскерлері Айдана Мырзаханова мен Шынар Аманғалиева қатысып, ата-аналармен бала тәрбиесіндегі өзекті мәселелерді талқылады.
Кездесу барысында баланың эмоционалдық жағдайын түсіну, ата-ана мен бала арасындағы сенімді қарым-қатынасты нығайту және мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелеріне назар аударылды.
Поделиться: