Жаңалықтар

image description
icon

«ИНСАЙТ»: СТРЕСС-МЕНЕДЖМЕНТ ЖӘНЕ КОМАНДАЛЫҚ БІРЛІК

Ақтөбе қаласындағы №81 орта мектебінің базасында «Инсайт» жобасы аясында педагог-психологтарға арналған «Стресс-менеджмент: мектептегі стресс факторлары және шешу жолдары» тақырыбында тимбилдинг ұйымдастырылды.

Іс-шараны «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының бөлім меңгерушісі Гүлнұр Советова ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Психолог Нұргүл Қалданова танысу тренингін өткізіп, жағымды психологиялық ахуал қалыптастырды. Ал әдіскер Назерке Өтеп командалық бірлікті нығайтып, өзара сенімді арттыруға және сергітуге бағытталған жаттығулар жүргізді.

Қатысушылар кәсіби күйзелісті еңсеру, эмоционалдық шаршаудың алдын алу және ішкі ресурстарды қалпына келтіру бағытындағы тапсырмаларды орындады. Сонымен қатар жағымды эмоцияларымен бөлісіп, өзара тәжірибе алмасты.

Шара соңында қатысушылар тимбилдингті ұйымдастырып, өткізген орталық мамандарына алғыстарын білдірді.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап