Журналдың мақсаты: балалардың құқықтарын қорғау және әл-ауқатын қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі бағыттарын іске асыру жөніндегі ғылыми-зерттеу, ғылыми-әдістемелік қызметті жария ету.
Тақырыптық бағыты: ЮНИСЕФ-тің Балалардың әл-ауқаты туралы тұжырымдамасының стандарттары мен талаптарына сәйкес өмір сүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету, балалардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау және қолайлы, психологиялық жайлы білім беру ортасын құру бойынша білім беру ұйымдарының тәрбие жүйесін жетілдіру мәселелерін жария ету.
Журналдың меншік иесі: «ӨРКЕН» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамы.
Басылым «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінде тіркелген (2024 жылғы 15 наурыздағы № KZ52VPY00089109 куәлік).