Мақаланы журналға қалай жариялауға болады

МАҚАЛАНЫ ЖУРНАЛДА ҚАЛАЙ ЖАРИЯЛАУҒА БОЛАДЫ

 «ИНАБАТ» журналы – балаларды тәрбиелеу, оқыту және жалпы дамыту, олардың қауіпсіздігін, физикалық және психологиялық әл-ауқатын қамтамасыз ету, денсаулығын сақтау және нығайту мәселелеріне арналған материалдарды жариялауға арналған электрондық басылым.

Жіберілген материалдар әртүрлі болуы мүмкін және ғылыми зерттеулердің нәтижелерін, әдістемелік әзірлемелерді, педагогикалық және тәрбие жұмысының тәжірибесін және т. б. қамтиды.

Журналда педагогикалық, психологиялық, тарихи, өскелең ұрпақ тәрбиесі, ең алдымен отбасылық тәрбиеге қатысты көптеген тақырып қамтылады. Сондай-ақ, әртүрлі сала мамандарының (дәрігерлер, психологтер, заңгерлер, кәсіби бағдар берушілер және т.б.) кеңестері мен ұсынымдары беріледі.

Мақаланы журналда жариялау үшін мерзімді басылымдарда материалдарды орналастырудың бірыңғай ережелерін сақтай отырып, оны сауатты дайындап, дұрыс ресімдеу қажет.

         Мақалалар журналда тегін жарияланады.

Жаңа қызықты идеялар, білім, жұмыс тәжірибесі немесе жеке оқиғаларыңызбен бөлісіңіз. Журнал редакциясының талаптарын сақтай отырып, дайын мақалаларды orken.inabat@mail.ru. электрондық поштасына жіберіңіз.

         «ИНАБАТ» журналының басты миссиясы – ата-аналар, тәрбиешілер мен педагогтерге әр баланың әлеуетін ашуға көмектесу, барлық балаларға толыққанды және үйлесімді дамуы мен шығармашылық өсуі үшін жағдай жасау.





          


Сұрақ-Жауап