МАҚАЛАЛАРДЫ РЕСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН
ТЕХНИКАЛЫҚ ТАЛАПТАР
1. Редакцияға жіберілетін мақалалар өзіндік, бұрын басқа баспа немесе электрондық басылымдарда жарияланбаған болуы тиіс.
2. Мақала мемлекеттік / орыс тілінде Microsoft Word файлы (электрондық тасымалдағышта немесе электрондық пошта арқылы) ретінде электронды түрде ұсынылады.
3. Мәтін көлемі 2-3 бет.
4. Мәтінді ресімдеуге қойылатын техникалық талаптар
- Times New Roman шрифті, қаріп өлшемі - 12.
- Беттегі позициясы – мәтіннің ені бойынша.
- Жиектері: жоғарғы және төменгі – 2 см, сол – 3 см, оң – 1,5 см.
- Жоларалық интервал дара, бірінші жолдың шегінісі 1,25 см.
- Мақаланың атауы: Times New Roman, 12 кегль, жартылай қалың; бас әріптер, беттің ортасындағы позиция.
- Автордың аты-жөні: алдымен аты-жөні, содан кейін тегі; Times New Roman, кегль 12, жартылай қалың; беттің оң жақ шетіндегі позиция, тақырыптан кейінгі бір жолдан соң.
5. Автор туралы мәліметтер: ғылыми дәрежесі (бар болса), лауазымы, жұмыс орны, қаласы (басқа елді мекен), елі; Times New Roman, кегль 12, беттегі позициясы автордың аты-жөнінің астында, оң жақ шеті бойынша.
6. Пайдаланылған дереккөздердің тізімі мақаланың соңында Әдебиет деп беріледі: Times New Roman, кегль 12, жартылай қалың; беттің сол жақ шетіндегі позиция. Әдебиет тізімі алфавит бойынша нөмірленеді, кегль 12, шегініс 1 см.
7. Мақаланы суреттейтін фотосуреттер jpg форматындағы жеке файлмен жіберіледі, ажыратымдылығы 300 dpi.
8. Журналдың редакциялық алқасы көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін және белгіленген көлемнен асатын мақалаларды жарияламау құқығын өзіне қалдырады.
9. Редакция келіп түскен барлық материалдарды рецензиялау бойынша міндеттеме алмайды және қабылданбаған материалдардың авторларымен пікір таластырмайды.