ЗЕРДЕЛЕУ: ХРОМТАУ АУДАНЫ
«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының мамандары Алмажан Қоғамбаева және Ботагөз Қосмағанбетова Хромтау ауданының білім беру ұйымдарында болып, кәмелетке толмағандар арасындағы зорлық-зомбылық пен буллингтің алдын алу мақсатында психологиялық-әлеуметтік қызмет бойынша зерделеу жұмыстарын жүргізді.
Мақсат — психологиялық-әлеуметтік қызметтің тиімділігін арттыру, балалардың қауіпсіз оқу ортасын қамтамасыз ету және алдын алу іс-шараларын жетілдіру. Іс-шара барысында мектептегі педагог мамандардың сұрақтарына жауап беріліп, психологиялық-әлеуметтік қызмет саласында қолданыстағы заңнамалар мен нормативтік құжаттар түсіндірілді. Сонымен қатар әдістемелік көмек көрсетіліп, педагогтерге нақты ұсынымдар берілді.
Зерделу қорытындысы бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірленіп, білім беру ұйымдарының басшыларына және психологиялық-педагогикалық қызметкерлерге ұсынылды.