Жаңалықтар

image description
icon

МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде «Өмір сүру құқығы және қауіпсіздік:гендерлік зорлық-зомбылық, денсаулық және адам құқықтары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

 Іс-шара барысында университет проректорлары Нарқозы Қартжан, Людмила Мясникова, облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы Маржан Қорғанбаева, «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының директоры Меруерт Жұбандықова, сондай-ақ университеттің денсаулық және салауаттылық орталығының жетекшісі Анна Гниденко зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстар туралы баяндады.

Сонымен қатар, дөңгелек үстел аясында Нарқозы Қартжан мен Меруерт Жұбандықова университет пен орталық арасындағы ынтымақтастықты нығайту және студенттерге психологиялық қолдау көрсету мақсатында екіжақты меморандумға қол қойды.

Өз кезегінде екі тарап өкілдері бұл — бірлескен жұмыстың бастамасы екенін атап өтті.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап