Жаңалықтар

image description
icon

АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ

Ақтөбе құрылыс-техникалық колледжінде өткен ата-аналар жиналысына «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының әлеуметтік педагогі Алмажан Қоғамбаева қатысып, «Ата-ананың қолдауы — баланың қорғаны» тақырыбында мазмұнды ақпарат ұсынды.

Кездесу мақсаты — ата-аналардың баланың психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды рөлін түсіндіру. Ата-ана мен бала арасындағы сенімді қарым-қатынасты нығайту. Сондай-ақ, отбасындағы эмоционалдық қолдаудың бала дамуына әсерін атап өту.

Жиын барысында ата-аналармен ашық диалог жүргізіліп, тәлім-тәрбие мәселесі талқыланды. Сонымен қатар баламен дұрыс байланыс орнатып, оны тыңдау және қолдау көрсету бойынша практикалық кеңестер ұсынылды.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап