Жаңалықтар

image description
image description
image description
image description
image description
image description
image description
icon

2026 жылғы 27 қаңтарда Абай облысында «Кәмелетке толмағандарға қатысты дағдарыстық жағдайларды талдау және ведомствоаралық әрекет ету шараларын үйлестіру» тақырыбында облыстық ведомствоаралық консилиум өтті

2026 жылғы 27 қаңтарда Абай облысында «Кәмелетке толмағандарға қатысты дағдарыстық жағдайларды талдау және ведомствоаралық әрекет ету шараларын үйлестіру» тақырыбында облыстық ведомствоаралық консилиум өтті. Іс-шара кәмелетке толмағандардың қатысуымен болған дағдарыстық жағдайларды кешенді талдау негізінде келісілген шешімдер қабылдауға, әрекет ету шараларының тиімділігін арттыруға, қайталанатын дағдарыстық жағдайлардың алдын алуға бағытталды.

Консилиумның негізгі мақсаты-дағдарыстық жағдайларға ден қоюдың және алдын алу жұмыстарының тиімділігін арттыру, сондай-ақ балалар мен олардың отбасыларына көмек көрсету барысында ведомствоаралық өзара іс-қимылды жетілдіру болды.

Іс-шара Абай облысы білім басқармасының «Өңірлік психологиялық қолдау  әдістемелік орталығы» КММ тарапынан ұйымдастырылды. Консилиум жұмысына Абай облысы білім басқармасы басшысының орынбасары А.Х.Нускенова, облыс прокурорының аға көмекшісі Р.М.Серикказинов,облыстық психикалық денсаулық орталығының өкілдері, аудандық учаскелік дәрігер-психиатрлар, Семей қаласы мен облыс аудандарының Полиция департаменті қызметкерлері, сондай-ақ Абай облысындағы мектептер мен колледждердің психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметінің мамандары қатысты.

Консилиум барысында бейінді ведомстволардың мамандары өзекті дағдарыстық жағдайларды қарап, олардың туындау себептері мен негізгі қауіп факторларын талдады,ведомствоаралық өзара іс-қимылдың оңтайлы алгоритмдерін айқындады. Алдын алу субъектілерінің іс-әрекеттерін үйлестіру, көмек көрсетудің уақтылы және кәмелетке толмағандар мен олардың отбасыларына жекелей қолдау шараларын әзірлеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар, 2025 жылы облыс аумағында тіркелген кәмелетке толмағандардың суицидке әрекеттену және аяқталған жағдайлары бойынша білім беру ұйымдарындағы психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметі мамандарының жұмысына талдау жасалды. Талқылау барысында психологиялық, отбасылық және әлеуметтік қауіп факторларының жиынтығы мен эмоционалдық жайсыздық белгілерін ерте анықтаудың жеткіліксіздігі атап өтілді. Психологиялық сүйемелдеуді ұйымдастыруда және ведомствоаралық өзара іс-қимылда бірқатар кемшіліктер анықталып, жүргізіліп жатқан жұмыстың оң және проблемалық тұстары көрсетілді.

Кейстерді талқылау қорытындысы бойынша қайталанатын дағдарыстық жағдайлардың алдын алуға, профилактикалық жұмыстың тиімділігін арттыруға, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың өмірі мен психикалық денсаулығын сақтауға бағытталған шешімдер қабылданды.

Осындай іс-шараларды өткізу дағдарыстық жағдайлардың алдын алуда жүйелі тәсілді қалыптастыруға және өмірлік қиын жағдайға тап болған кәмелетке толмағандарды ведомствоаралық сүйемелдеудің сапасын арттыруға ықпал етеді.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап