Жаңалықтар

image description
icon

ЭМОЦИЯЛЫҚ ҚАЖУДЫҢ АЛДЫН АЛУ

«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының әдіскері Гүлжанат Сейітова «Инсайт» ресурс клубы жобасы аясында Қобда қазақ орта мектебінің педагогтерімен «Эмоциялық қажу мен кәсіби жануға қарсы 5 ресурс» тақырыбында топтық тренинг өткізді.
Тренинг мақсаты — педагогтердің эмоционалдық қажуы мен кәсіби жануының алдын алу, психологиялық саулығын нығайту және ресурстық күйін арттыру.
Іс-шара барысында «Лифт» жаттығуы мен «Кешірім жәшігі» техникалары жүргізіліп, қатысушыларға арналған түрлі ресурстық жаттығулар ұйымдастырылды. Педагогтер белсенділік танытты.
Мұндай кездесулер педагогтердің кәсіби дамуына серпін беріп, психологиялық саулығын нығайтуға үлкен үлес қосады.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап