СЫНЫПТАҒЫ КИКІЛЖІҢ
«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының әдіскері Таңшолпан Жаңаберген облыстық арнайы мектеп-интернат-колледжі кешенінің 7-сынып білім алушыларына «Сыныптағы кикілжің» тақырыбында тренинг өткізді. Мақсат — оқушылар арасындағы кикілжіңнің себептерін анықтап, өзара түсіністік пен құрметті қалыптастыру, тиімді қарым-қатынас дағдыларын дамыту, сондай-ақ жанжалдарды бейбіт жолмен шешу жолдарын үйрету.
Тренинг барысында оқушылармен «Шаттық шеңбері», «Мен кіммін?», «Эмоцияларды таны!», «Мен қандаймын?», «Тілек ағашы!» атты жаттығулар өткізіліп, мандала арт-терапиясы бағытында топтық жұмыстар жүргізілді.
Оқушылар белсенділік танытты, ұсынылған тапсырмаларды қызығушылықпен орындап, өз ойларымен бөлісті.