🌿Оқу-ағарту министрі №109 «Келешек мектебіндегі» сенбілікке қатысты
🤝Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Астана қаласындағы №109 «Келешек мектебінде» «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған сенбілікке қатысты.
🌳Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған экологиялық мәдениет пен қоршаған ортаға жауапкершілік қағидаттарын өскелең ұрпақтың бойына сіңіру білім беру жүйесіндегі тәрбие жұмысының маңызды бағыттарының бірі.
🌱Сенбілік барысында министр мектеп оқушыларымен және педагогтермен бірге ағаш отырғызып, мектеп аумағын абаттандыру жұмыстарына қатысты.
💬Жұлдыз Сүлейменова оқушылармен әңгімелесіп, қоршаған ортаға ұқыпты қарау, тазалықты сақтау, еңбекқорлық пен жауапкершілік құндылықтары туралы пікір алмасты. Сондай-ақ мектеп ұжымымен кездесіп, білім беру және тәрбие мәселелерін талқылады.
💧 «Таза Қазақстан» құндылықтарын өскелең ұрпақтың бойына сіңіру - экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңызды негізі. Табиғатты аялау, туған жерге жанашырлық таныту және ортақ кеңістікке жауапкершілікпен қарау күнделікті әрекеттен басталады.
✅Мұндай шаралар оқушылардың еңбекке құрметін арттырып, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.