Жаңалықтар

image description
icon

ЭМОЦИЯНЫ ТҮСІНУ — ӨЗІҢДІ ТҮСІНУ

Ақтөбе қаласындағы №9 мектеп-гимназиясының 5-8-сынып оқушылары арасында психоэмоционалдық жағдайды жақсарту, өзара қарым-қатынасты нығайту және жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру бағытында психологиялық тренинг өтті.

Тренингті «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының бөлім меңгерушісі Гүлнұр Советова, әдіскер Ботагөз Қосмағамбетова және психологтар Нұргүл Қалданова мен Айдана Алданова жүргізді.

Іс-шара барысында «Эмоцияларды басқару және күйзелісті жеңу», «Өмірге оң көзқарас: эмоционалдық әл-ауқат» тақырыптарында түрлі жаттығулар мен сауалнамалар ұйымдастырылды. Сонымен қатар сынып жетекшілерімен «Қолайлы сынып ортасын қалыптастырудың психологиялық тетіктері» тақырыбында практикум өткізілді.

Оқушылар эмоцияларын тану және басқару, өзін қабылдау, жеке шекараны сақтау, бір-бірін тыңдау және өзара сыйластық бағытында жұмыс жүргізіп, тыныс алу және босаңсу жаттығуларын орындады. Сондай-ақ оқушыларға психологиялық қолдау көрсетуге бағытталған жадынамалар таратылды.

Тренинг соңында оқушылар әсерлерімен бөлісіп, жағымды эмоциялар қалыптастыруға арналған жаттығуларға қатысты.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап