«MENTAL HEALTH» ҰБДҚ ПЛАТФОРМАСЫ: ОҚЫТУ ВЕБИНАРЫ
Zoom платформасы арқылы «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институтының ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласындағы А.Байтұрсынұлы атындағы лингвистикалық мектеп-гимназиясының директоры, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, педагог-психологы, әлеуметтік педагогы, сынып жетекшілері және орталық әдіскерлеріне «Mental Health» ҰБДҚ платформасын енгізу және пайдалану бойынша оқыту вебинары өтті.
Вебинарға «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының директоры Меруерт Жұбандықова қатысып, платформаның мақсаты, мүмкіндіктері және оны білім беру ұйымдарында тиімді пайдалану жолдары туралы ақпарат берді.
Вебинар барысында білім беру ұйымының мамандарына «Mental Health» ҰБДҚ платформасында жұмыс істеу тәртібі түсіндіріліп, оқушылардың психологиялық-педагогикалық әл-ауқатын бақылау, қажетті қолдау шараларын ұйымдастыру және алынған мәліметтерді тиімді пайдалану мәселелері қарастырылды.