Жаңалықтар

image description
icon

ҚЫЗ БАЛАЛАРМЕН АШЫҚ ӘҢГІМЕ

Ақтөбе гуманитарлық-техникалық колледжінде қыз балалардың құқықтық сауатын арттыру, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру және өз құқықтары мен міндеттері туралы түсініктерін кеңейтуге арналған кездесу өтті.

«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының әдіскері Ботагөз Қосмағамбетова жеке шекараны сақтау, өз сезімдерін түсіну және дұрыс жеткізу, өзін-өзі құрметтеу, қауіпсіздік пен жауапкершілік мәселелері бойынша ашық әңгіме жүргізді.

Кездесу аясында «Жеке шекараны қалай қорғаймыз?» тақырыбында тренинг ұйымдастырылды. Қатысушылар белсенділік танытып, өз ойларымен бөлісті, түрлі жағдаяттарды талқылап, пікірлерін білдірді.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап