⚡️Астанада «Келешек мектептері» оқушылары арасында тоғызқұмалақтан «KELESHEK CUP» турнирі өтті
🇰🇿Республика күніне орай «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Астана қаласында «Келешек мектептері» оқушылары арасында тоғызқұмалақтан қалалық турнир ұйымдастырылды.
✍️ №106 мектепте өткен зияткерлік сайыста оқушылар ұлттық ойыннан шеберліктерін көрсетіп, өзара бақ сынады. Турнирдің басты мақсаты - ұлттық құндылықтарды дәріптеу, оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту және мектептер арасындағы байланысты нығайту.
🏆Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды.
Ұлдар арасында
🥇I орын - Қуаныш Аян (№101 мектеп)
🥈II орын - Бұхар Бексұлтан (№114 мектеп)
🥉III орын - Сайпулла Бүркіт (№115 мектеп)
Қыздар арасында
🥇I орын - Тәңірбергенова Айнел (№100 мектеп)
🥈II орын - Сұлтанқызы Дилназ (№110 мектеп)
🥉III орын - Жетпис Ляззат (№112 мектеп)
🤝Турнирді Оқу-ағарту министрлігінің Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы мен Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы Астана қаласының Тоғызқұмалақ федерациясымен бірлесіп ұйымдастырды.
🎉Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз! Ұлттық ойынды дәріптеп жүрген жас зияткерлерге алдағы жарыстарда табыс тілейміз!