ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГТЕР
«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының әдіскерлері Лаура Бердібекова мен Таңшолпан Жаңаберген Ақтөбе қаласындағы №13 орта мектебінің 8-9-сынып оқушыларына «Стресс және оны басқару тәсілдері», «Мен және менің құндылықтарым» тақырыптарында тренингтер өтті.
Мақсат — білім алушылардың эмоционалдық тұрақтылығын арттыру, өзін-өзі реттеу дағдыларын дамыту, сондай-ақ өмірлік мақсаттары мен жеке құндылықтарының өзара байланысын түсіндіру.
Іс-шарада оқушылармен «Мен туралы қызықты 1 факт», «Менің күшті жақтарым», «Арман картасы» жаттығуы, «Менің ең, ең, ең...», «Мен қандаймын?» атты топтық жұмыстар мен ойындар ұйымдастырылды.
Тренинг барысында оқушылар белсенділік танытты. Берілген тапсырмаларды қызығушылықпен орындап, өз ойларымен бөлісті.
Шара жасөспірімдердің өзін танып, ішкі ресурстарын ашуына және позитивті ойлау дағдыларын қалыптастыруға ықпал етті.