ЦИФРЛЫҚ ДЕТОКС: ТЕЛЕФОНСЫЗӨМІРТӘЖІРИБЕСІ
«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығында психологтардың кәсіби біліктілігін арттыру және цифрлық орта жағдайында білім алушылардың психологиялық әл-ауқатын қолдауға бағытталған практикалық дағдыларын жетілдіру мақсатында «Цифрлық детокс: телефонсыз өмір тәжірибесі» тақырыбында семинар-практикум өтті.
Семинарда цифрлық құрылғыларды шамадан тыс пайдаланудың психологиялық ерекшеліктері, дофамин мен телефонды қолдану арасындағы байланыс, экран уақытын тиімді басқару және цифрлық тәуелділіктің алдын алу мәселелері қарастырылды.
Іс-шараны орталық директоры Меруерт Жұбандықова ашып, бөлім меңгерушісі Гүлнұр Советова дофамин және смартфонды пайдаланудың психологиялық әсері туралы ақпарат берді.
Психологтар Нұргүл Қалданова телефонды тиімді пайдаланудың қырларына тоқталса, Айдана Алданова практикалық сергіту жаттығуын өткізді.
Семинар-практикум соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.