МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ӨКІЛДЕРІ МЕН БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫ ДИРЕКТОРЛАРЫНЫҢ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЛАРЫ ҮШІН СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ
ҚР Оқу-ағарту министрлігі институттың ғылыми қызметкерлерінің қатысуымен «Бірыңғай тәрбие бағдарламасы: құндылықтар және оларды іске асыру» атты семинар ұйымдастырып, өткізді.
Бағдарлама дәстүрлі және ұлттық құндылықтарға негізделген білім беру ұйымдарының тәрбие жүйесін жетілдіруге бағытталған.
Басты міндет – өскелең ұрпақты азаматтық, отансүйгіштік, әділдік, отандық тарихты құрметтеу, берік өмірлік және қоғамдық ұстаным рухында тәрбиелеу.
Семинар барысында спикерлер бағдарламаның негізгі міндеттерін, білім беру құндылықтарын, үрдістерін, стратегиялары мен даму перспективаларын талқылады.
Сондай-ақ, семинарға қатысушылар қазіргі цифрлық әлемде жастармен жұмыс істеу тәжірибесімен бөлісті, оқушылармен күнделікті жұмыста қолданылуы қажет ұтымды тәжірибелерді талқылады.