🔰КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ АУТОДЕСТРУКТИВТІ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
✅«Өркен» ұлттық ғылыми-практикалық институты Жамбыл және Түркістан облыстары білім басқармаларының қолдауымен кәмелетке толмағандардың аутодеструктивті мінез-құлқының алдын алу мәселелері бойынша өңірлік семинар өткізді.
▶️Семинарға Жамбыл және Түркістан облыстарының білім басқармаларының басшылары, әдіскерлері, орта білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтары қатысты.
«Өркен» балалардың әл-ауқаты ұлттық ғылыми-практикалық институты» КЕАҚ бірінші вице-президенті Е.Н. Сакенова «Әлеуметтік-психологиялық зерттеулердің мәні ретінде балалардың әл-ауқаты» тақырыбында баяндама жасады. ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ұлттық мемлекеттік саясат мектебінің директоры Т.Ж. Жақиянов «Діни саладағы мемлекеттік саясат: білім берудің секуляризмін қамтамасыз ету» тақырыбында баяндама жасады.
▶️И.Алтынсарин атындағы КЕАҚ психология, тәрбие, жеке тұлғаны дамыту орталығының жетекші сарапшысы Э.М. Әлиева және «Өркен» БӘАҰҒПИ ғылыми-әдістемелік бөлімінің аға ғылыми қызметкері А.Т. Асқарова аутоагрессивті мінез-құлықты балалармен жұмыс істеу тәсілдері, сондай-ақ олардың ерекшеліктері туралы айтып, олардың ата-аналарын психологиялық-педагогикалық қолдауға тоқталды.
▶️Семинардың практикалық бөлімі барысында пед.наук магистрі, психолог-консультант А.Ж. Райымханова «Балалардың психологиялық әл-ауқатының факторы ретінде эмоциялық интеллектіні дамыту» тақырыбында тренинг элементтерімен практикалық сабақ өткізді.
▶️Семинар барысында қатысушылар кәмелетке толмағандардың аутодеструктивті мінез-құлқының алдын алу бойынша өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.