ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭМОЦИЯЛЫҚ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ ТӘСІЛДЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАРДА
Бүгін институт білім беру ұйымдарының педагогтары мен психологтарының қатысуымен «Оқушылардың әлеуметтік-эмоциялық дағдыларын дамыту тәсілі ретінде жобалау қызметі» атты республикалық семинар ұйымдастырды.
Өз баяндамасында бірінші вице-президент Е.Н.Сакенова оқушылар үшін жобалық қызметтің маңыздылығы туралы айтып берді.
«Жобалық қызмет оқушылардың әлеуметтік-эмоциялық дағдыларын дамыту үшін, сондай-ақ оларды ынтымақтастық, коммуникация, мәселелерді шешу және шешім қабылдау сияқты маңызды өмірлік дағдыларға үйрету үшін үлкен әлеуетке ие. «ДосболLIKE» бағдарламасы осы мақсаттарға жету үшін тамаша құрал болып табылады. Семинарда оның негізгі қағидаттары мен іске асыру стратегияларын егжей-тегжейлі түсінуге болады», - деп атап өтті ұйымдастырушылар.
Семинарға республика бойынша 500-ден астам педагог, сондай-ақ «ДосболLIKE» бағдарламасы апробацияланатын мектеп мұғалімдері қатысты. Оған қоса, семинар барысында қатысушылар секциялық отырыстарға қатысып, оқушылардың әлеуметтік-эмоциялық дағдыларын дамыту бойынша практикалық кеңестер алды.