КҮШІМІЗ – БІРЛІКТЕ
✅«Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесі бірлесіп Қазақстан халқының бірлігі 1 мамыр күніне арналған «КҮШІМІЗ – БІРЛІКТЕ» тақырыбында Астана қаласында семинар өткізді. Семинарға Астана қаласы бойынша мектеп омбудсмендері мен жалпы орта білім беру ұйымдары әкімшілігінің өкілдері қатысты.
▶️Семинарды «Өркен» балалардың әл-ауқаын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институтының президенті Иманғалиев Е.Н. ашты және құттықтау сөздерімен «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінің директоры Магасутова Е.С. мен «Астана қаласының өзбек этномәдени орталығының» төрағасы Пулатов Ш.А. жалғастырды. Аталмыш спикерлер Қазақстан халқы Ассамблеясының еліміздегі қоғамдық келісім мен бірлікті нығайтудағы және қоғамдық медиацияны дамытудағы ерекше рөліне тоқталды.
▶️Өз сөзінде Қазақстан халықтары Ассамблеясы Аналар кеңесінің төрағасы Шанай Н.Ы. Қазақстанның әрбір азаматы Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі екенін баса айтты. «Жастар ассамблеясы» төрағасы Джумурбаев Т.Г. семинарда «Жастарды тәуелсіз Қазақстанның құндылықтары рухында тәрбиелеу» тақырыбында баяндама жасады. Семинардың практикалық бөлімінде «Өркен» КеАҚ-тың тренерлері мен ғылыми қызметкерлері (Кулниязова А.С., Абдраимова А.Б., Кудышева Б.К., Самадин А.Н.) мектеп омбудсмендерінің коммуникативті дағдыларын дамыту үшін оқыту элементтерімен тәжірибелік сабақ өткізді.
▶️Қай заманда болса да халқымыздың бірлігі қандай сынақты да жеңе алатын күш ретінде бағаланған. Бірлігі мен ынтымағы жарасқан халық қауіпсіздікті, тұрақты дамуды қамтамасыз етеді, бейбітшілікке, тұрақтылыққа және азаматтардың әл-ауқатына кепілдік береді.
▶️Балалар омбудсмендері балалардың қоғам мен мемлекет өміріне толыққанды қатысу құқықтарын жүзеге асыруға ықпал етеді, бұл әрбір мектеп омбудсменінің кәмелетке толмағандардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың ортақ ісіне жеке үлесінің маңыздылығын атап көрсетеді.
▶️Бұл семинар мектеп омбудсмендеріне кішігірім әрекеттер мен істердің өзі ұлттық ауқымда үлкен өзгерістерге әкелетіні туралы қарапайым шындықты түсінуге мүмкіндік берді деген сенімдеміз.