Жаңалықтар

image description
icon

АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ 400-ДЕН АСТАМ ПЕДАГОГІ ӨҢІРЛІК СЕМИНАРҒА ҚАТЫСТЫ

✅«Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» жобасының тұрақты іске асырылуын қамтамасыз ету мақсатында Институт Абай облысының білім басқармасымен бірлесіп, педагог қызметкерлер, білім беру ұйымдарының басшылары, Білім басқармаларының әдіскерлері үшін «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының қызметі шеңберіндегі мектеп пен отбасының ынтымақтастығы: тәжірибе және даму» тақырыбында өңірлік семинар өткізді.

✅Семинарға өңірдегі барлық білім беру ұйымының 400-ден астам маманы қатысты.

Пленарлық отырыста «Абай облысы Білім басқармасы» ММ «Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы» директорының міндетін атқарушы Айнұр Серғалиқызы Исабаева семинарға қатысушыларды облыстық білім беру мекемелеріндегі АПҚО жұмысы туралы хабардар етті.

✅Балалардың әл-ауқатын қамтамасыз ету, олардың физикалық, когнитивтік, психоэмоционалдық және практикалық дағдыларын,  оқуға және білім алуға деген ұмтылысын қалыптастыру мақсатында «Даналық мектебі» клубы ата-аналардың позитивті ата-ана болу мәдениетін, психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік құзыреттерін дамытуда үлкен рөл атқарады.

✅Жалпы тәжірибеге бағдарланған әдістер негізінде баланың әлеуметтік әл-ауқатын қамтамасыз ету бойынша жұмыс тәжірибесімен «Өркен»БӘАҰҒПИ қызметкерлері бөлісті: бірінші вице-президент Е. Н.Сакенова, п. ғ. к., ғылыми-әдістемелік бөлімінің басшысы Г. Б. Омарова, филол.ғ.к., ғылыми-зерттеу бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері А.Х. Мұхтаров, ғылыми-әдістемелік бөлімнің жетекші ғылыми қызметкерінің м.а. С.К. Нағашыбаева және бөлімнің аға ғылыми қызметкерлері А. Т. Асқарова, Н. Б. Оспанбек және Е. С. Шайланов.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап